KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 9 м/с, ОШ
516.85 537.68 5.26

Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Ақорда

28.01.2025, 11:10 213 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында 2024 жылғы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қаралып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық өзгерістер мен технологиялық даму кезеңінде еліміздің жаңа жағдайларға дайын болуы қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдердің тиімділігі экономикалық даму көрсеткіштері мен азаматтардың өмір сапасына тікелей байланысты екенін айтты.

-Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор. Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз,- деді Мемлекет басшысы.

Күн тәртібіне сәйкес, жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасайды.

Жиында елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты шаралар талқыланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу