KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
501.49 525.71 5.77

ҰҚК: жыл басынан бері қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған

Фото: ҰҚК

1.02.2025, 14:00 327 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың басынан бері ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматтығы бар 91 адамның шекарадан өту фактісін анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Былтыр Мемлекеттік шекарада осындай 1190 құқық бұзушылық тіркелген болатын. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жақын шетел азаматтарына тиесілі.

ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен елден шығаруға әкелетінін еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу