KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Шекарада жалған құжатпен 200-ге жуық адам ұсталған

ҰҚК баспасөз қызметі

Кеше, 22:00 19 Назерке Каримова

Жыл басынан бері шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін анықтады.

Соңғы жағдай осы айда Астана қаласының халықаралық әуежайында анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Мәселен, 12 қазанында ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. - Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.


2024 жылдың басынан шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив