KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
518.14 537.57 5.27

Димаш Құдайберген жанкүйерлерін жаңа әнімен қуантпақ

Instagram / kudaibergenov.dimash

Бүгін, 18:00 42 Төлеуғазы Жансая

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа әнінің тұсаукесерін жариялады. Бұл қуанышты жаңалықты ол өзінің жанкүйерлеріне арнаған бейнеүндеу арқылы жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Dimashnews порталына сілтеме жасап.

"Құрметті достар, менің сүйікті Dears-тарым! Бүгін, 30 қаңтар – біз үшін ерекше күн. 2017 жылдан бері сіздерді алғаш рет Dears деп атағаныма 8 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде біз көптеген қалалар мен елдерде концерттер өткіздік. Сіздердің қолдауларыңыз үшін зор алғыс айтамын. Ортақ мерекеміз құтты болсын! Жаңа концерттерде кездескенше асыға күтемін," – деді Димаш өз үндеуінде.

Сондай-ақ, әнші жаңа туындысының шығу мерзімін жариялады.

"7 наурызда халықаралық авторлар ұжымы жасаған жаңа әнімізді ұсынамыз. Бұл – Love’s Not Over Yet деп аталатын ән. Әнді әлемге әйгілі композитор әрі продюсер, екі мәрте Грэмми сыйлығының иегері Вальтер Афанасьевтің жетекшілігімен жаздық. Сіздерге ұнайды деп сенемін!" – деді ол.

Айта кетейік, Love’s Not Over Yet әнін Вальтер Афанасьев, Доминик Бус, Флавиен Компаньон секілді композиторлар жазса, сөзін Девон Грейвс қаламынан туған. Бұл туынды Димаштың ерекше вокалдық мүмкіндіктерін айшықтайтын тағы бір шығармашылық жетістік болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу