KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
477.62 527.67 5.25

Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» атанды

20.11.2019, 05:29 76

Әлемге әйгілі жас әнші Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі-2019» ұлттық сыйлығының игері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Халықтың сүйіктісі - Народный любимец-2019» ұлттық сыйлығына дауыс берудің қорытынды кезеңі аяқталды. 14 номинация бойынша 55 үміткер лауреат атағын иеленуге күш салды. «Жылдың мәдениет қызметкері» номинациясында Димаш Құдайберген айқын басымдықпен жеңіске жетті. Еске салайық, жас әнші 2015 жылы тура осылай «Жылдың эстрада әртісі» номинациясына иелік еткен еді.
– Қазақтың мәдени брендін халықаралық дәрежеде ынталандыру осындай нақты қадамдардан басталары һақ. Енді, Димаштан кейін қазақтың ою-өрнегімен киім тігуді шет елдің көптеген ірі мода орталықтары дәстүрге айналдыруы ықтимал. Мәдени бренд дегеніміз осы. Бұл тенденцияны біздің, отандық жеңіл өнеркәсібі өзіне оңтайлы пайдаланса, өте жақсы болмақ. Әйтпесе, қытайлықтар қазақтың ою-өрнегімен киім тігудің майталманы болып алып, ою-өрнекті меншіктеп алуы да мүмкін. Біздің ұлттық бренд құрылымдарына қазақтың ою-өрнегін халықаралық дәрежеде меншіктеу мәселесін шұғыл қарастыруы қажет. Бұл бүгінде «қыпқызыл» қаржының көзі... Димашқа қазақ қоғамының сезімі ерекше екендігі белгілі. Димаш бауырымыз екінші мәрте «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері болды. Баршамыз құттықтап қояйық, достар!, - деп жазды саясаттанушы Ерлан Сайыров Facebook-тегі парақшасында.
Айта кейік, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері Қазақстанда тоғызыншы рет анықталып отыр. Сыйлықтың авторы және ұйымдастырушысы – қоғам қайраткері, «Регион-Даму» республикалық қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтұқ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив