Қазақстандықтар қанша табыс табады?
![](/kz/uploads/posts/2025-02/f9b2b30f-597b-483a-88f8-28b7f34f6d87.webp)
Pexels.com
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың IV тоқсанында еліміздегі орташа айлық жалақы 434 982 теңгені құрады. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 11,4%-ға, ал 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға жоғары, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі politprosvet_kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Медианалық жалақы – 308 717 теңге. Инфляцияны ескергендегі нақты жалақы индексі өткен тоқсанмен салыстырғанда 108,9%, ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,8% болды.
Ең жоғары жалақы өсімі байқалған салалар:
- Ақпарат және байланыс – 32,8%
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%
- Өнер, ойын-сауық және демалыс – 20,6%
Ең жоғары орташа жалақы тіркелген салалар:
- Қаржы және сақтандыру қызметі – 943 931 теңге
- Тау-кен өндіру өнеркәсібі – 904 963 теңге
- Ақпарат және байланыс – 798 337 теңге
Ең төменгі орташа жалақы тіркелген салалар:
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 297 092 теңге
- Өнер, ойын-сауық және демалыс – 300 790 теңге
- Сумен жабдықтау – 305 439 теңге
Өңірлер бойынша ең жоғары орташа жалақы тіркелген:
- Атырау облысы – 640 938 теңге
- Маңғыстау облысы – 607 867 теңге
- Ұлытау облысы – 600 682 теңге
- Астана – 604 104 теңге
- Алматы – 539 125 теңге
Өңірлер бойынша ең төменгі орташа жалақы:
- Түркістан облысы – 304 325 теңге
- Жамбыл облысы – 313 073 теңге
- Жетісу облысы – 314 398 теңге
- Солтүстік Қазақстан облысы – 315 540 теңге
- Шымкент – 330 193 теңге.