Қазақстанда қай салада ең көп жалақы төленеді?
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті еліміздегі ең жоғары еңбекақы алатын саланың қызметкерлерін атады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2019 жылдың төртінші тоқсанындағы қорытынды бойынша, Қазақстандағы орташа жалақы 203 883 теңгені құрады.
Ең жоғары еңбекақыны кен өндіру саласының жұмысшылары алады екен – 428 300 теңге.
Қаржы және сақтандыру қызметтерінде еңбекақы мөлшері 402 500 теңгеге жетеді.
Ал кәсіби, ғылыми және техникалық салада айлықтың көлемі – 373 400 теңге.
Ақпарат және байланыс саласындағы еңбекақы мөлшері 278 000 теңгені құрайды.
Ең төмен жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында екен – 127 300 теңге.