KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Статистика: ШҚО-да бір қызметкердің орташа айлық жалақысы – 222 мың теңге

20.08.2021, 15:07 332

2021 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 222,9 мың теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 20,7%-ға артты, деп хабарлайды stat.gov.kz.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы өнеркәсіп жұмыскерлерінде – 277,8 мың теңге, бұл орташа облыстық деңгейден 24,7%-ға жоғары, қаржылық және сақтандыру қызметінде – 266,9 мың теңге (19,8%-ға), құрылыста – 248,9 мың теңге (11,7%-ға) екені байқалды.

Ең төменгі жалақы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерге 128,3 мың теңгеден, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсететін қызметкерлерге 128,8 мың теңгеден, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызметкерлерге – 133,4 мың теңгеден, көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну – 149,1 мың теңгеден, өнер, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерге 155,2 мың теңгеден келеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу