KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Қазақстандық төрт оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада ел намысын қорғайды

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

16.04.2025, 17:00 335 Төлеуғазы Жансая

Қазақстандық төрт дарынды оқушы 2025 жылдың 13–19 сәуірі аралығында Косовоның Приштина қаласында өтіп жатқан қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO) қатысып, ел намысын қорғауда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлемдеді, деп хабарлайды Altaіnews.kz тілшісі.

«EGMO - математикалық білім мен зияткерлік қабілетті халықаралық деңгейде танытатын маңызды алаң. Қазақстандық оқушылардың әлемдік білім додасына қатысуы - елдегі дарынды балаларды қолдау мен дамыту жолындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі», - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еуропалық математикалық олимпиада алғаш рет 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өткізілді. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2017 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт ішінде отандық оқушылар 3 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі олимпиадаға қатысушы жас математиктерге сәттілік тілеп, олардың табысы еліміздің білім саласындағы жетістіктерінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу