KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Қазақстандық оқушылар еуропалық математикалық олимпиадада бақ сынайды

Фото: depositphotos.com

18.04.2024, 23:29 156 Айжанат Бақытқызы

Грузияның Цхалтубо қаласында қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада ЕGМО-2024 басталды. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның намысын төрт оқушы және екі жетекші қорғайды. Олар:

 

Амира Кенбаева - Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 11 сынып оқушысы;

 

Аружан Батырхан - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9сынып оқушысы;

 

Анастасия Одинцова - Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;

 

Арай Касенова - Haileybury Almaty 11 сынып оқушысы.

 

Айта кетсек, алғаш рет ЕGМО 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өтті.

 

«Қазақстан құрама командасы Олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдары олар 3 алтын, 9 күміс, 10 қола және 4 құрмет грамотасын жеңіп алды»,-деп хабарлайды бейінді министрліктің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу