ІІМ есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған телефондарды жариялады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтарға арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жаңа синтетикалық есірткілердің таралу жылдамдығы және жастарды заңсыз айналымға тарту үшін цифрлық арналардың белсенді қолданылуы қоғамның барынша күш біріктіруін талап етеді. Балаларымызды, жақындарымызды және еліміздің болашағын қорғау үшін ортақ жауапкершілікпен әрекет етуіміз қажет», – делінген үндеуде.
ІІМ мәліметінше, бүгінде есірткі қылмыстарын, әсіресе кәмелетке толмағандарды тарту жағдайларын анықтау, жолын кесу және алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл мәселені тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу мүмкін емес.
Осыған байланысты ІІМ азаматтарды белсенді болуға шақырды:
-
Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару;
-
Күдік тудыратын интернет-ресурстарды, жарнамалық граффитиді немесе QR-кодтар арқылы таралатын ақпаратты байқап, дер кезінде хабарлау;
-
Күдікті жағдайлар туралы анонимді түрде хабар беру мүмкіндігін пайдалану.
Естеріңізге сала кетейік, ІІМ әр өңір бойынша азаматтардан анонимді түрде ақпарат қабылдайтын телефон нөмірлерін жариялады.