KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қысқа демалысқа байланысты ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Фото: primeminister.kz

29.12.2023, 20:45 183 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қысқы демалыстың басталуына байланысты ІІМ ата-аналарға үндеу жасады. Үндеуде балалардың күнделікті іс-әрекетін бақылауға алып, заттарын қадағалап отыру керектігі айтылған.

 

Ішкі істер министрлігінің ата-аналарға жолдаған үндеуі Polisia.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

– Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта есірткі кез-келген отбасының өміріне енуі мүмкін. Биыл полиция есірткі таратуға қатысы бар 40-тан астам кәмелетке толмағандарды ұстады. Қысқы демалысқа байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының өміріне барынша араласуға шақырады, себебі баланың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруда отбасының рөлі ең маңызды. Сіздер балаларыңыздың ортасын білулеріңіз керек, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды қадағалағандарыңыз абзал. Жасөспірімнің заттарының арасында кез келген дәрі-дәрмек қаптамалары, фольга, шыны түтіктері, тамшуырлар кездессе, мұқият болыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады. Ақша шығынына немесе керісінше оның көбеюіне назар аударыңыз. Себебі есірткіні қолданудан басқа бала тез арада көп табыс табу мүмкіндігіне қызығып, оны таратуға қатысуы мүмкін, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

 

Естеріңізге сала кетейік, есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, есірткіні сатқаны үшін 14 жастан басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив