Бір айда 221 есірткі қылмысы анықталды
Фото: pexels.com
1 маусымнан бастап республика аумағында қарасора өсіруге, дайындауға және елдің оңтүстік өңірлерінен әкетуге қарсы, есірткіні және олардың жаңа түрлерін таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталған “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шараларға ІІМ, Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігінің арнайы бөлімшелері жұмылдырылды, деп хабарлайды Altaynews polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Өткен жылдан бастап өздігінен ұшатын аппараттар белсенді қолданылып келеді. Бұдан бөлек, құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ареалдарын ғарыштық бақылау бойынша “Қазақстан ғарыш сапары” мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылып жатыр.