KZ
Өскемен
+1°
туман Штиль
479.38 531.63 5.27

ҚР Президенті Қырғызстан мен Малайзия халқын құттықтады

t.me/aqorda_resmi

31.08.2024, 14:00 78 Назерке Каримова

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті мен Малайзия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады.

Бүгін Қырғызстан мен Малайзия елдерінің Тәуелсіздік алған күні, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты және Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

- Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті. Сондай-ақ Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді де Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

- Қазақстан Президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді, - делінген хабарламада.


Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив