KZ
Өскемен
-31°
туман жел 1 м/с, СБ
512.16 594.72 6.57

Әлемнің үздік боксшылары Астанада бас қосады

26.06.2025, 12:00 186 Гульжан Мусина

30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада үлкен спорт мерекесі өтпек — ерлер мен әйелдер арасында бокстан Әлем кубогі басталады. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл дүбірлі додаға 30 елден 300-ге жуық мықты боксшы қатысады. Қазіргі уақытта Астанада халықаралық бірлескен жаттығу жиыны өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылармен бірге АҚШ, Канада, Франция, Германия, Әзербайжан, Аустралия, Норвегия сынды елдердің былғары қолғап шеберлері шеберліктерін шыңдауда. Жалпы жиынға 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан ұлттық құрамасының нақты құрамы осы оқу-жаттығу жиынының қорытындысымен анықталады.

Ашылу салтанаты — 30 маусым күні сағат 13:00-де өтеді.
Финалдық жекпе-жектер — 6 шілде күні сағат 14:00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу