Әділбек Мусин әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты
Сингапурда өтіп жатқан су спорт түрлері бойынша әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі olympic.kz порталына сілтеме жасап.
27 шілде күні үш отандасымыз суға жүзу бәсекесіне қатысып, Әділбек Мусин өз нәтижесімен ел рекордын жаңартты. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу бойынша қашықтықты 23.33 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын жаңартты. Алайда ол 18-орынға табан тіреп, келесі кезеңге өте алмады. Ережеге сай, жартылай финалға тек үздік 16 спортшы жолдама алады.
Жарысқа қатысқан өзге спортшылар да өз мүмкіндіктерін сынады.
Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орын,
ал Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орын иеленді.
