KZ
Өскемен
-16°
туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Пойызда қандай әрекеттерге тыйым салынады?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ
9.08.2025, 16:00 283 Төлеуғазы Жансая

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызда тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр жолаушының жайлылығы мен амандығы үшін маңызды екенін ескертеді. Компания теміржол көлігін пайдаланатындарға бірқатар шектеулерді айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Билетсіз мінгендер жолдан түсіріледі, ал балалар құжатсыз пойызға отырғызылмайды. Ауыр багажды арнайы рәсімдемей алып жүруге және төлемсіз тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, ветеринарлық анықтамасыз жануарлар пойызға кіргізілмейді.

Пойызда және перронда шылым мен электронды темекі тартуға, себепсіз стоп-кранды басуға қатаң тыйым салынған. Есірткі, жарылғыш және өткір заттарды алып өтуге болмайды. Басқа жолаушыларға агрессия көрсету, дау-дамай шығару, жүріп бара жатқан пойыздан секіру немесе түсу – өте қауіпті әрі заңға қайшы.

Вагон ішінде тәртіпсіздік жасау, ластау, мүлікке зиян келтіру де заңсыз. Ал алкоголь тек мейрамхана-вагонда ғана ішуге рұқсат етіледі.

Сапар кезінде сұрақ туындаса, жолаушылар мына байланыстарға жүгіне алады:
WhatsApp: +7 776 714 5686
Вагондағы QR-код арқылы хабарлама жіберу
Қоңырау шалу: 1433 (тегін нөмір)

«Бұл ережелер теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Пойыздағы тыныштық пен тәртіп – бәрімізге ортақ жауапкершілік», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу