KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек – құтқарушылар

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

29.02.2024, 20:05 176

Наурыз айында күн райының жылынуына байланысты мұздар еріп, босай бастайды. Сондықтан мұз үстiмен жүру өте қауіпті.

ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін еске салады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мамандары еріктілермен және полицейлермен бірлесіп су айдындарына 620-дан астам рейд жүргізген. Тұрақты негізде нұсқамалар өткізіліп, азаматтар арасында 4400-ден астам үгіт насихат жадынамалары таратылды.

- Әлсіз мұз үстiмен жүруге, мұзы шатынаған тұстарға жақындауға, жағадан жұқа мұз үстiне шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз берiктiгiн аяқпен ұрып байқауға қатаң тыйым салынады. Өзендi (су қоймасын) мұз үстiмен тыйым салынған және қауiптi тұстардан кесiп өтуге рұқсат етiлмейдi, ескертпе қалқандарды мұқият қарау керек, - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

Ата-аналар да көктемгі демалыс кезінде табиғат аясына демалуға шыққан сәтте балаларына сақ болуы қажет. Оларды жалғыз қалдыруға болмайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу