Президент: «Ақылды қала» жобасын барлық ірі қалаларға енгізу қажет
depositphotos.com
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға арналған жиында Үкімет пен Астана әкімдігінің елордада «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтқанын жазды. Жоба желтоқсан айында ресми түрде іске қосылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Президент бұл тәжірибені Қазақстанның барлық ірі қалаларына таратуды тапсырды. Сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ерекше маңызға ие екенін айтып, Үкіметті формализмнен аулақ болуға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект құралдарының экономиканың нақты секторына енгізілуі тым баяу екенін атап, Үкіметке бұл жұмысты жеделдетуді тапсырған болатын.