Қазақстан Қарулы күштері ұлттық Aitu мессенджеріне көшеді
Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту жұмыстары жалғасуда. Осы шара аясында елдің Қарулы күштері қызметтік мәліметтерді жеткізу үшін отандық Aitu мессенджерін кезең-кезеңмен қолдануға көшеді. Бұл шешім Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданып, шетелдік платформаларды пайдаланған кездегі тәуекелдерді азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, отандық мессенджерді енгізу мемлекеттік құрылымдардағы, соның ішінде қорғаныс саласындағы ақпаратты қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып отыр. Бұған дейін қызметтік деректерді жіберуде көбінесе шетелдік қосымшалар қолданылған, бұл өз кезегінде қауіпсіздікке қатер төндірген. Ал Қазақстан юрисдикциясында орналасқан Aitu деректерді сақтау және өңдеу талаптарына толық сай келеді және ақпарат ағынын бақылауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Даурен Қосанов барлық әскери бөлімшелерді Aitu мессенджеріне кезең-кезеңмен көшіруді тапсырды.
Бұл процесс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.


