KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
482.94 535.97 5.35

Димаш Астанадағы концерті бұрынғылардан өзгеше болатынын айтты

Фото: kudaibergenov.dimash

21.07.2024, 10:07 123 Назерке Каримова

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өзінің жеке концертін бермек. Бұл концерт бұрынғылардан өзгерек болмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өнерсүйер қауымды қуантқан жағымды жаңалықты Димаш Instagram желісіндегі өзінің парақшасында жазды.

“Достар! Ертең Астанадағы жеке концертіме билеттер сатылымының басталатыны туралы ақпарат беретін боламын.
Бұл концерт менің бұрынғы әлемдік турнедегі басқа концерттерімнен ерекше болмақ.
Кездескенше!”, деп жазды әнші.

“Астана Аренада” өтетін бұл концерт Strange әлемдік турына енеді. Онда Димаш дәстүрлі әндермен қатар заманауи композицияларды әр елдің тілінде шырқайтын болады.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив