KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Атырауда зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдырған күдіктілер ұсталды

15.09.2025, 08:30 277 Төлеуғазы Жансая

Қаржылық мониторинг агенттігі зейнетақы жинақтарын жалған стоматологиялық қызметтер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырғандарға қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі informatorkz телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Тінту шаралары қаланың бірнеше ауданында өткен. Тергеу барысында күдіктілерден ірі көлемдегі қолма-қол ақша, автокөліктер мен басқа да қымбат бағалы заттар тәркіленді.

Қазіргі таңда онға жуық адам ұсталған. Алайда тергеу аясында күдіктілер саны елуге дейін жетуі мүмкін. Олардың қатарында жалған клиникалардың басшылары ғана емес, делдалдар, бухгалтерлер, агенттер мен кеңсе қызметкерлері де бар. 

Еске сала кетсек, бұған дейін «Отбасы банк» 222 миллиард теңгеден астам зейнетақы қаржысы 20 клиникаға аударылғанын хабарлаған еді. Оның тең жартысы Атырау қаласында орналасқан. Мәселен, бір клиника 2025 жылдың өзінде қазақстандықтарға 22,9 млрд теңгенің «стоматологиялық қызметін» көрсеткен. Тағы екі клиника 32 млрд теңгені игерген. Ал Құлсарыдағы бір медициналық мекеме 7,6 млрд теңгені қолма-қол қылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу