KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Зейнетақы жинағын алу ережелері өзгермек

Фото: depositphotos.com

24.07.2024, 17:13 93 Ержан Әбіш

Елімізде зейнетақы жинақтарын алу ережесі өзгермек. Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерінен медициналық қызметтің бір түрін алып тастауды ұсынып отыр.

– 2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін қағидалардың 1-қосымшасының 2-тармағының қолданылуын тоқтата тұруды бұйырамын: Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тістерді протездеу, имплантациялау), – делінген мәтінде.

Осылайша, егер жаңартылған бұйрық күшіне енсе, онда 10 тамыздан бастап қазақстандықтар аталған стоматологиялық қызметтерге жинағын жұмсай алмайды.

Бұл ретте денсаулық сақтау министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін өз баласын емдеуге жұмсауға рұқсат беруді ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу