Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің қорытындысы жарияланды
Фото: gov.kz
27-31 наурыз аралығында Өскемен қаласында Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-6 сынып оқушылары қатысып, күш сынасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқушылар баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық сынды спорт түрлері бойынша қабілеттерін сарапқа салған. Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат – жеткіншектерді денешынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға баулу. Байқау нәтижесі бойынша Алтай, Глубокое, Ұлан, Самар, Тарбағатай аудандары мен Өскемен қаласының командалары үздік нәтиже көрсетті.
Оқи отырыңыз