Бұрылысқа айна орнату туралы ұсыныс айтылды – ШҚО
Алтай ауданының әкімдігі Бұқтырма жағалауында демалушыларға қызмет көрсететін кәсіпкерлердің өтінішін орындауға уәде берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО кәсіпкерлер палатасында өткен отырыста Алтай ауданында туризмнің дамуы талқыланды. Кәсіпкерлер «Айна» демалыс базасына апаратын жолдың шұғыл бұрылыстарына көріністі ұлғайту үшін айна орнатып, жаяу жүргіншілер жолын жабдықтау қажет екенін айтты.
«Бұл ұсыныстарды Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко орындауға уәде берді. Жаяу жүргіншілер жолы мен жол белгілері жақын арада орнатылады», деп хабарлады Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.