KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Мүмкіндігі мол медициналық орталық ашылды – Алтай ауданы

Шартты сурет

28.02.2023, 17:05 317 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО Алтай ауданының денсаулық сақтау саласында бірқатар өзгерістер бар. Маңызды жаңалықтардың бірі – гемодиализ орталығының ашылуы.

 Алтай қаласында созылмалы бүйрек патологиясы бар науқастарға сапалы жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін "B. B. NURA" ЖШС-ның гемодиализ орталығының филиалы ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

"Орталықтың ашылуы біздің және жақын маңдағы аудандардың пациенттеріне облыс орталығына бармай-ақ медициналық қызмет алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, аудандық ауруханада медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен 222,5 млн теңгеге медициналық жабдық сатып алынды. Бұған қоса, облыстық бюджет есебінен Серебрянск қалалық ауруханасы үшін 11,7 млн теңгеге медициналық жабдық сатып алынды", - дейді әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар, "Қазмырыш" ЖШС қаржылай қолдауымен Серебрянск қалалық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне жөндеу жүргізіліп жатыр екен. 2022 жылы шатырды ауыстыру және пластикалық терезелерді орнату жүргізілді, ағымдағы жылы жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

"Биыл Октябрьский кентінде барлық талаптарға сай дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда", - деді Сергей Охременко.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу