KZ
Өскемен
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Шығыстың қыздары Ресейден жүлделі оралды

Фото: Шартты сурет

10.04.2023, 19:45 193

Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Кубок вызова легенд» халықаралық турниріне Қытай, Кипр, Израиль, Қырғызстан, Қазақстан, Армения Беларусь, Ресей, Өзбекстан Армения, Сирия сынды 10 елдің спортшылары қатысқан. 
Жарыста озық өнер көрсеткен отандық құрама Өскемендегі көркем гимнастика мектебінің тәрбиеленушілерінен тұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Шығыстық көркем гимнастардан жасақталған топ байқауда қола жүлде иеленді. Топтық жарыста Томирис Вахлова, Елизавета Егорова, Анастасия Чащина, Ксения Шимолина, Әлия Бақытқызы, Евгения Вендиревская сынды спортшылардан құралған топ жоғары ұпай жинаған. 
Жеке сайысқан Аружан Қасымова жаттығудың үш түрі бойынша финалға өтіп, біреуінде төртінші орынға тұрақтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив