KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
514.94 583.74 6.13

"Шығыстың" сарбаздары халықаралық қоян-қолтық ұрыста жүлдегер атанды

6.12.2019, 05:28 240

Астанада Бірінші Президент жүлдесі үшін өткен қоян-қолтық ұрыстан әскерилер арасындағы халықаралық чемпионатта Шығыстың командасы екінші орын алды.

«Шығыс» аймақтық қолбасшылығының ақпаратына сенсек, жарысқа 8 елден 63 команда қатысқан. Олар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен келген.

Жалпыкомандалық есепте армиялық қоян-қолтық ұрыста ҚР Қорғаныс министрлігінің командасы – бірінші, «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының командасы – екінші, Өзбекстан құрама командасы үшінші орын алды.

Айта кетейік, бірінші орын алған команда мүшелеріне «Спорт шебері» атағы берілді. Жарыстың жүлде қоры 8 миллион теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу