KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығыста тағы бір ірі май зауыты салынып жатыр

12.04.2023, 11:48 420 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінде 238 млрд теңгеге 37 жоба жүзеге асырылуда.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов айтты, деп хабарлайды Altanews тілшісі.

Бүгін Өскеменде аймақ басшысының есеп беру кездесуі өтіп жатыр.

Өңірде 2022 жылы 36 млрд теңгеге 9 жоба жүзеге асқан. Солардың бірегейі – Глубокое ауданында "Алтын Шығыс" май экстракциялау зауытының іске қосылуы. Аталмыш зауыт 300 мың тоннаға дейін май өндіреді.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласында «Алтын май» зауытының құрылысы жүргізілуде. Бұл кешен жылына 50 мың тонна май шығаратын қуатқа ие болады.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде өсімдік майын экспорттау көлемі үш есе ұлғайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив