KZ
Өскемен
-25°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Маралдыдағы дау: тұрғындар фирманы сотқа бере алады

Фото: Шартты сурет

13.04.2023, 23:43 693

Күршім ауданына қарасты Маралды ауылының тұрғындары алтын өңдеуші фирманың қызметіне шағымданды. Олар кәсіпорынның жер қойнауын қопарып, табиғатқа зиянын тигізіп жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірген еді.
Бұл мәселеге байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев тұрғындардың қандай қадамға барғаны жөн екендігін түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында осы мәселе туралы сұрақ қойылды. Министрлік өкілі компанияның жұмысын тоқтату үшін тұрғындар сотқа арыздана алатынын айтты.
Бұл мәселеде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұстанымы құқық талаптарына негізделген. Мәселенің бәрі экологиялық заңнама аясында қарастырылады. Экология заңнамасы бұзылған жағдайда аталған алтын өндіруші фабриканы жауып тастауға болады. Қазіргі таңда рұқсат беретін құжаттары бар. Жобаға қоғамның бір бөлігі қарсы, тағы бір бөлігі мақұлдап отыр. Қоғам қауымдастығы сот органдарына шағым түсіруге хақылы екенін айтқым келеді. Бұл жерде қоғамдық тыңдаудың хаттамасының күшін жою туралы арыз түсіре алады. Осы арыз негізінде сот тұрғындардың пайдасына шешім шығарса, біз де өзіміз берген қорытындыны кері қайтарып ала аламыз, деді министрлік өкілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу