KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

ШҚО әкімі Пасха мерекесімен құттықтады

16.04.2023, 16:42 208

Бүгін елдегі православ қауымы Пасха мерекесін атап өтіп жатыр.
Мерекеге орай өңірдегі діни орындарда ғибадат рәсімдері мен шаралар өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов православ қауымын мерекеге орай құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Барлық православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен құттықтаймын! Пасха рухани ізгілікті, бауырластықты нығайтуға бағытталған көпұлтты мемлекетіміздің ерекше дәстүрге ие мейрамы. Біздің ортақ мақсатымыз еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты, дәстүрлі құндылықтарды сақтап, жылдан жылға нығайта түсу. Осы жарқын мереке күні әр шаңыраққа құт-береке, денсаулық пен бақыт тілеймін! деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив