KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

ШҚО-ға Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының мамандары келеді

Фото: Шартты сурет

17.04.2023, 13:03 204

18-21 сәуір аралығында ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының мамандарынан құралған делегация облысқа келеді. 
Шара ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған. Мұндай іссапар елдің барлық өңірлері бойынша жоспарланған. Осы уақытқа дейін делегация Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Шымкент қаласына барған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – аурулардың алдын алу, диагностика жасау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, заманауи әдістермен бөлісу. Облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту де көзделген.
Делегация құрамындағы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, оның ішінде нейрохирургтар, аритмолог, пульманолог, оториноларинголог, кардиолог сынды мамандар халыққа практикалық, консультациялық-әдістемелік жәрдем көрсетіп, емдеу мекемелерінде шеберлік сағаттар өткізеді. Сонымен қатар облыстың ірі медициналық орталықтарында күрделі операциялар жасайды. Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері де өз салаларына байланысты шеберлік сабақтарын өткізеді. Азық-түлік, денсаулық сақтау нысандары қызметкерлеріне арналған тренингтер де жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив