KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

ШҚО мамандары Австрия мен Қытайдан медициналық туризмді дамытуды үйренуде

17.10.2019, 09:25 103

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мамандары Австрия және Қытай елдерінен  медициналық туризмді дамытуды үйреніп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кезекті мәжіліс барысында айтылды.

Қытайдың Алтай қаласына Денсаулық сақтау басқармасының мамандары 2017-2018 жылдары барған болатын. Ол жерде Халық медицинасы орталығының жұмысымен танысып қайтты.

ШҚО-да болашақта ұқсас орталық құрылмақ. Катонқарағай ауылындағы аурухананың базасында Халық емі бойынша орталық ашылып, онда панта өнімдерімен, түрлі шөптермен емдеді. Ал оны үйрену үшін облыстың мамандары Қытайдың Алтай қаласына жіберілмек. Аталмыш емхана да  «Алтай» деп аталмақ.

Жуықта ШҚО-дан тағы 6 адам Австрияға барып қайтты. Ол жерде біздің мамандар емдік суларды тасымалдау мен оларды курорттық мақсатта пайдалану бойынша тәжірибе алған екен.

Алакөлде алдағы уақытта жыл көлемінде қызмет көрсететін курорт ашу жоспарланып отыр.

- Қазір Қазақстан, Ресей және Украина елдерінің курортология мамандары тартылып, емдеудің әдістемесі әзірленуде, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив