KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Дәрігерлер бір күнде 10 күрделі ота жасады – ШҚО

20.04.2023, 20:33 251

Бүгін – ҚР ПІБ Медициналық орталығы қызметкерлерінің өңірге жасаған іссапарының бірінші күні. 
Мамандар өңірдегі алғашқы күнде күрделі 10 ота жасап, 100 шақты консультациялық кеңес берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
«ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Медициналық орталықтың жоғары білікті дәрігерлері аймаққа келді. 
Іссапарды өткізудегі басты мақсат – елдің өзге аймақтарындағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал ету, отандық медицинаның сапасын көтеру және жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру.

 
Делегация құрамындағы Медициналық орталық ауруханасының, Орталық клиникалық аурухананың үздік мамандары (нейрохирургтар, кардиохирургтар, аритмологтар, онкохирургтар және басқалары), Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері тұрғындарға кеңес өткізеді. 

 
Бірінші күн аясында дәрігерлер Өскемен қаласындағы Облыстық ауруханаға және ШҚО мамандандырылған медициналық орталығына барып, 18 жастан асқан тұрғындарға 100 шақты консультациялық кеңес берді. Дәлірек айтсақ, эндокринолог – 21, нейрохирург – 21, кардиолог – 36, оториноларинголог 20 қабылдау жүргізген. Ал Медициналық орталықтың үздік нейрохирургтары Мыңжылқы Бердіхожаев пен Марат Саршаев, кардиолог Асқар Жүнісов барлығы 10 күрделі ота жасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив