KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

ШҚО әкімі Дмитрий Горьковойдың қазасына қатысты көңіл айтты

21.04.2023, 15:18 295

ШҚО әкімі Даниал Ахметов әкімдіктің және жеке өзінің атынан Риддер әкімі Дмитрий Горьковойдың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 
Облыс әкімі сөзінде әріптесінің туған жеріне барып, жерлеу және қоштасу рәсімдеріне қатысты шығындарды өтеп беретінін атап өткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Аймақ басшысы әріптесінің кәсіби маман, іскер адам болғанын еске алды. 

   "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және жеке өзімнің атымнан Дмитрий Анатольевич Горьковойдың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Мен оның туған жері Усть-Таловкадағы ата-анасына барамын. Жерлеу және қоштасу рәсімдеріне қатысты барлық шығындарды өз мойнымызға аламыз. Оның өмірден озуы барлығымыз үшін, яғни әріптестеріне, достарына, соңғы жылдары әкім болған Риддер қаласының тұрғындары үшін күтпеген соққы болды. Бұл – орны толмас ауыр қайғы. Өйткені Дмитрий Анатольевич өз жұмысының кәсіби маманы, іскер адам болғаны белгілі. Ол адамдарды бағалай білетін, әрқашан көмекке келуге дайын тұратын мейірімді жан болатын", деп жазды облыс әкімі жеке парақшасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив