KZ
Өскемен
плотный туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Ұшақ апаты: Қаза болғандар арасында Шығыс Қазақстанның тумасы бар

16.03.2021, 15:38 161

13 наурызда Алматы әуежайы маңындағы Қызылту ауылында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуе қызметінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған алты кісінің төртеуі қаза тапты.
Олардың ішінде Шығыс Қазақстанның тумасы, капитан Баймұратов Досжан Ғалымбекұлы бар. Бұл туралы Катонқарағай ауданың әкімі әлеуметтік желіде жазып, жақындарына көңіл айтты.

-  Досжан Ғалымбекұлы бөлімнің ұшу тобының борт технигі қызметін атқарған, өмірінің соңына дейін әскери антқа адал болды. Ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісіп, марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз, - деп жазды Катонқарағай ауданы әкімі Ділдар Қалиқан.  

Досжан Ғалымбекұлы 1985 жылы 15 желтоқсанда Катонқарағай ауданының Катонқарағай ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Е.Рыков атындағы орта мектепті тәмамдаған соң, Ресей Федерациясы Краснодар қаласындағы әскери-авиациялық институтты аяқтаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив