KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
441.58 480 4.86

ШҚО әкімі тұрғындарды Ораза айт мерекесіне орай құттықтады

Фото: Шартты сурет

21.04.2023, 16:33 231

Облыс әкімі Даниал Ахметов барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесіне орай құттықтады. 
Әкім Ораза айт елдің барлық азаматтарын дініне қарамастан біріктіріп, ізгілікке баулитын қасиетті күн екендігін жеткізген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

–    Барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Рамазан айының аяқталуын білдіретін, қайырымдылық пен мейірімділікті дәріптейтін жарқын мереке. Көпұлтты елімізде Ораза айт барлық қазақстандықтарды дініне қарамастан біріктіріп, ізгілікке баулитын қасиетті күн. Барлығымыз бейбітшілік пен жасампаздық, толеранттылық пен татулық басты құндылықтар болып саналатын елде өмір сүреміз, – деді аймақ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив