KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Ораза ұстаған жанның ойы да сергек – Даниал Ахметов

13.04.2023, 16:54 221 ALTAINEWS

Биылғы қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ауыз бекітіп, жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан барша мұсылман қауымымен бірге бес парыздың бірін орындап жүр. 

ШҚО әкімінің ораза тұтқаны бүгін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Әдетте спикер сөз сөйлегенде тамақ жібітіп тұруы үшін үстелге стақанмен су қойылатын. Алайда облыс әкімінің алдынан ондай су байқалмады. Сондықтан кездесуден кейін журналистер қызығушылық танытып, «Сіз ораза ұстадыңыз ба?» деп сұрады.

– Оразаның барлық талаптарын ескере отырып ауыз бекіттім. Ораза адамға ерекше сезім сыйлайды. Бойыңа сергектік береді екен. Адамның өз ойын, іс-әрекетін қадағалау арқылы өмір сүру салтына өзгеріс енгізетінін, таңнан кешке дейін ашығуы денсаулығына пайдалы екенін ғалымдар да айтып отыр. Бір мысал айтайын, 2016 жылы Ёсинори Осуми есімді жапон ғалымы ашығу, яғни ораза ұстау ішкі ағзаны тазалап, жұмысын ретке келтіретіндігін дәлелдеді. Осы еңбегі үшін Нобель сыйлығын алды. Яғни, ауыз бекітудің денсаулыққа пайдалы екені медицинада да мойындалған. Олай болса, Рамазан айында ауыз бекіткен барша қауымға «Ораза қабыл болсын!» деймін, – деді Даниал Ахметов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив