ШҚО-ның білім саласында жемқорлық көп пе?
шартты сурет
Соңғы үш жылда мектепке дейінгі, орта және арнайы білім беру саласында 300-ден астам жемқорлық фактісі тіркелген.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен отырысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Мұндай қылмыстар республиканың барлық өңірлеріне тән, әсіресе ең көп көрсеткіш Шымкент қаласына, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарына тиесілі. Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Талдықорған қаласының білім беру қызметкерлеріне қатысты соңғы атышулы істер елеулі сыбайлас жемқорлық схемаларының бар екендігін растайды», – деді агенттік төрағасы Асхат Жұмағали.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев орта білім беруді қаржыландырудағы сыбайлас жемқорлық қатерлеріне бірлескен талдау жүргізуге уағдаласты.