ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңір жұртшылығын Бірлік күнімен құттықтады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңір жұртшылығын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Қадірлі жерлестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке басты құндылықтарымыз – бейбітшілік пен келісімнің, халықтар достығы мен елімізде тұратын әрбір ұлттың дәстүрін, мәдениетін сақтау мен жаңғыртудың символына айналды. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этностардың бірлігі, келісімі мен өзара түсіністігінің арқасында біз тәуелсіздікті нығайта алдық, әлемдік танымалдыққа ие болып, әлеуметтік-экономикалық дамуда озық табыстарға қол жеткіздік. Бұл, әрине, барлық қазақстандықтардың ортақ еңбегінің жарқын көрінісі. Қазақстанда тұратын барлық этностардың татулығы мен келісімі, достығы – біздің ең басты байлығымыз, барлық табысымыз бен қайта құруларымыздың негізі. Еліміздің Шығысында алғашқы Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы ашылып, басқа өңірлер үшін оң үлгі болғандығын атап өткен жөн. Осы айтулы күні сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт пен құт-береке тілеймін. Достығымыз артып, ұлтаралық татулығымыз нығая берсін! Мереке құтты болсын! – деді облыс әкімі.
Оқи отырыңыз