254,8 млн теңгеге 14 үй сатып алынады – Күршім
Фото: Шартты сурет
Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов биылғы жоспарлар туралы түсіндіріп, атқарылатын шаралар турасында есеп берді.
Оның хабарлауынша, ауылдық елді мекендерде 254,8 млн теңгеге 14 бірпәтерлі үй сатып алынбақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қарашілік, Қайнарлы, Құйған, Сарыөлең, Барақ батыр, Игілік, Жолнұсқау ауылдарында 254,8 млн теңгеге 14 бірпәтерлі үй сатып алу жоспарланған көрінеді. Одан өзге, Күршім ауылындағы екі пәтерлі 10 үйде 51 млн теңгеге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын аяқтау көзделген.
Ауданда сумен қамту бойынша да жұмыстар атқару жоспарланған. Биыл Балықтыбұлақ ауылында 10,5 млн теңгеге блоктік-модульдік станция орнатылады. Сонымен қатар Күршім ауылының су құбыры желілерін қайта жаңартып, Алғабас ауылында 485,3 млн теңгеге, Барақ батыр ауылында 347,1 млн теңгеге су құбыры желілерінің құрылысын аяқтау жоспарда бар.
Одан өзге, Күршім ауылында тазарту құрылымдарын жаңартуға 80 млн теңге жұмсалмақ.