Марқакөлде саябақты абаттандыруға 150 млн теңге бөлінбек – Күршім
Шартты сурет
Күршім ауданында биыл 13 ауылда жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.
Алдағы уақытта Күршім және Марқакөл ауылдарының көше жарықтандыру жүйелерін 444,2 млн теңгеге жаңарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Барақ батыр, Бірлік, Қаратоғай, Қайнарлы, Қалжыр, Ақбұлақ, Топтерек, Қайнар, Төсқайың ауылдарында көшелерді жарықтандыру бойынша шара қабылданбақ.
Сонымен қатар Марқакөл ауылындағы орталық саябақты абаттандыруға 150 млн теңге бөлінбек. Күршім ауылында 40 млн теңгеге тротуар орнатылып, 5 ауылда (Барақ батыр, Бірлік, Ақжайлау, Қарашілік, Күршім ауылдарында) воркаут, шағын футбол алаңдарын салу жоспарға қосылған.