Колледж студенттері арасында әскери байқау өтті – ШҚО
Фото: gov.kz
4 мамырда облыс орталығы Өскемен қаласында облыс бойынша саптық және ән байқауы өтті. Жарысты ұйымдастыруға ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Қазақстан-Америка Еркін университетінің Жоғары колледжімен бірлесе ұйытқы болған.
Байқау Жеңіс күніне және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толуына орайластырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оны ұйымдастырудағы басты мақсат – студенттер бойында жоғары әлеуметтік белсенділік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықты қалыптастыру.
Қатысушылар «Үздік салтанатты марш», «Үздік саптық ән», «Үздік саптық техника», «Үздік капитан» номинациялары бойынша жарысты.