KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Шығысқазақстандық полицейлер жазғы киім үлгісіне көшті

20.04.2022, 17:42 206

Жазғы киім үлгісіне көшуге байланысты ағымдағы жылдың Полиция департаментінің алаңында жеке құрамның қатысуымен дәстүрлі саптық байқау өткізілді.

Саптық байқау кезінде Полиция департаменті бастығының орынбасары Ренат Унарбеков полиция қызметкерлерінің сыртқы келбетін тексеріп, жаңа үлгідегі нысандық киімге ерекше көңіл бөліп, қызметтік куәліктерінің, жетондардың бар-жоғына, айырым белгілерінің, төсбелгілердің орналасуына баса назар аударды.

«Полиция бөлімшелерінің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі тұрақты түрде өткізілетін саптық байқаулар болып табылады. Осындай іс-шараларды өткізу бөлімшелердегі тәртіп пен заңдылықты сақтайды, сонымен қатар оң имиджді қалыптастырады», - деді полковник Р.Унарбеков. 

Саптық байқау оркестрдің әуенімен салтанатты маршпен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу