KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 7 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Өскеменде бүгін де ауа нашар

сурет ашық дереккөзден алынды

10.05.2023, 09:12 399 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында тағы ауа сапасы төмендеді. Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай бүгін де сейілмейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Өскемен мен Риддер қалаларында қолайсыз метеожағдай 10 мамыр сағат 21.00-ге дейін сақталады», деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы.

Республика бойынша ауа сапасының қазіргі және болжамды деректері жарияланатын ecodata.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, өңір атмосферасындағы зиянды заттар мөлшері едәуір артқаны байқалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив