KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Заманауи оқу орындары қолданысқа берілді – ШҚО

сурет көрнекілік үшін алынды

10.05.2023, 16:16 273 Оразай Жеңісұлы

Ұлан ауданы мен Риддер қаласындағы мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Жаңадан салынған білім ордалары барлық талаптарға сай жабдықталған.

Облыста мектеп тапшылығын азайту мақсатында ауқымды жобалар жасалуда. Солардың бірі Қасым Қайсенов кентінде іске асты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі

320 орынға шақталған мектептің құрылысы 2021 жылы басталып, өткен жылдың желтоқсанында аяқталған. Р.Мәрсеков атын алған аталмыш білім ордасында қазір 1280 оқушы білім алуда. Нысан сәулет және құрылыс саласындағы нормативтік талаптарға сай.

Мектепте спорт, гимнастика, тренажер залдары, жұмсақ жабыны бар кешенді спорт алаңы, акт залы, асхана, медициналық және процедуралық кабинеттер бар. Сондай-ақ интернетке шығуды және мультимедиялық оқыту бағдарламаларын пайдалануды қамтамасыз ететін оқу залы және демалыс аймағы бар заманауи кітапхана да орналасқан. Заманға сай технологиялық жабдықтар да назардан тыс қалмаған. Мұнда 111 компьютер орнатылған 6 компьютерлік сынып, 12 оқушы мен оқытушыға арналған екі лингафондық кабинет бар және сыныптарда 26 интерактивті тақта орнатылған. Ұлдар мен қыздарға арналған технология кабинеттері де заманауи құрылғылармен жабдықталған. 

Заманауи мектеп Риддерде де бой көтерді. Мұнда 600 орындық мектеп құрылысы өткен жылдың тамызында аяқталған. Аталмыш қалаға үлкен мектептің салынуына тұрғындар санының артуы себеп болған. Халық саны облыстың және республиканың басқа өңірлерінен қоныс аударушылар мен жас мамандар есебінен өсіп отыр. Жаңа білім ордасы заманға сай жабдықталған. Сонымен қатар технологияның тілін түсініп, роботты техникамен айналысқысы келетін жастарға да жағдай жасалған. Мектепте роботты техника кабинеті бар.

Облыста мектептер құрылысы қарқынды жүруде. Зайсан ауданында былтыр құрылысы басталған 300 орындық мектеп 2023-2024 жылдары қолданысқа беріледі деп күтілуде. Аталмыш мектепке 125 компьютер мен 25 интерактивті панель қою жоспарланған. Ал Өскеменнің «Нұрлы жол» ауданындағы 599 орындық білім ордасы биыл қолданысқа берілмек. Аталған аудан тұрғындарының басым бөлігі – көпбалалы және жас отбасылар. Мектеп пайдалануға берілсе, қаланың өзге шетіне барып оқитын оқушылардың мәселесі шешілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив