Мамандандырылған ХҚКО-дағы ақаудың себебі неде? – ШҚО
Фото: Шартты сурет
Өскемен қаласындағы автоХҚКО-да 2 аптадан бері көлік тіркеу қиындап, халық наразылық білдірген.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі соңғы күндері республика бойынша жүйе жұмысында ақау байқалғанын әрі оған демалыс күндері де әсер еткенін растаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Істен шыққандықтан кеше сағат 16.00-де база жабылды. Бүгін таңертеңнен бері барлығы жұмыс істеп тұр. Кезек бар, бірақ жылжып жатыр", делінген хабарламада.
Алайда жаңа көлікті тіркеу әлі де мүмкін емес. Себебі арнайы төлемдердің төленгені туралы ақпаратты тексеру қызметі республика бойынша жұмыс істемей тұрғаны анықталған.
Оқи отырыңыз