KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Зәки Ахметовтің 95 жылдығына арналған форум өтті – ШҚО

Фото: gov.kz

17.05.2023, 16:15 485

15 мамыр күні филология ғылымдарының докторы, академик Зәки Ахметовтің 95 жылдығына арналған «Шығыстан шыққан тұңғыш академик» атты республикалық онлайн форум өтті. Форумды А.Пушкин атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырды.

Зәки Ахметов – Ұлан ауданының тумасы, 12 монография мен 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмысының авторы. Академик туралы форумға ғалымдар мен кітапханалар өкілдері қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Форумға елдің әр өңірінен ғылым саласындағы тұлғалар, ғалымдар қатысқан. Дәлірек айтқанда, әдебиеттанушы, философ, географ, саяхатшы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы, филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Зәки Ахметовтің шәкірті Мақпал Оразбек, профессор, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы-ғалым, «Абайтану» орталығының директоры Айжан Қартаева, ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Раушангүл Мұқышева сынды ғалымдар атсалысты.

Зәки Ахметов қаламынан «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы және дәстүрі», «О языке казахской поэзии», «М.Әуезовтің роман-эпопеясы», «Поэтика эпопеи «Путь Абая» в свете истории ее создания» сияқты ірі туындылар жазылды. Академиктің еңбектері ТМД, Қытай, Түркия елдерінде жарық көрген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив