KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

"Антикор" қызметкерлері ҰБТ-ға кіреді - ШҚО

21.05.2020, 12:16 317

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары ҰБТ-ға бақылаушы ретінде қатысады.
 
Бұл туралы тікелей эфирде ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин мен «Антикор Орталыгы» қызмет көрсету орталығы базасында Ұлттық тестілеу орталығы филиалының жетекшісі Динара Мейірғазина хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Білім және ғылым Министрлігінің білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес жүзеге асырылып жатқан Adal Bilim жобасы бар. Сол жобаның аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері ҰБТ-ға кіретін болды.

«2020 жылдың 17-19 қаңтар аралығында Adal Bilim жобасының аясында Шығыс Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері кешенді тестілеуге бақылаушы ретінде қатысты. Үш күндік біріккен кешенді тестілеуге кіре берістегі 65 емтиханға қатысушыдан 65 телефон мен смарт-сағат, құлаққаптар тәркіленді. Осылайша олар ҰБТ тапсыруға кіре алмады. Сондай-ақ тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 42 үміткер аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Енді осы жазда да ҰБТ кезінде ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен арнайы бақылау тобының мүшелері де қатысады, - деді Жігер Байділдин.

Ұлттық тестілеу орталығының Шығыстағы филиал басшысының айтуынша, ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу