KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскемендегі «ANTIKOR» орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа модуль

7.02.2020, 09:06 194

Өскемендегі «ANTIKOR» орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа модульдің таныстырылымы болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Білім басқармасы ұсынған «Ашық мектеп – ашық бюджет» атты модуль білім мекемелеріндегі жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 мектеп-гимназиясының директоры жобаның құрылымымен таныстырды. Инесса Чернышеваның айтуынша, жобаға сәйкес мектептерге бөлінетін қаражат тиынына дейін есептеледі. «Бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің болуына жол бермейді.

– Облыстық бюджеттің 8 пайызы білім саласына бөлінеді. Қисапсыз қаражат ұстағанның уысында кетпей, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жұмсалуы тиіс. Сондықтан біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарымен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Жиын соңында білім басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ШҚО бойынша департаменті бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу